Қазақстанда найзағай салдарынан бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

Қазақстанда найзағай салдарынан бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

20 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 55 орман өрті тіркелген. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, барлық өрт бірден бірнеше өңірдегі найзағай разряды әсерінен болған. Өңірлер бойынша:

  • "Семей орманы" МОТР - 41 орман өрті;
  • "Ертіс орманы" МОТР - 9 орман өрті;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 3 орман өрті;
  • "Наурызым" мемлекеттік табиғи қорығы - 1 орман өрті;
  • "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - 1 орман өрті.  

"55 орман өртінің барлығы дер кезінде анықталып, сөндірілді немесе толық бақылауға алынды. Соның нәтижесінде өрт таралуына және ірі орман өрті туындауына жол берілген жоқ", - деді министрлік өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget