Қазақстанда Наурыз есімді бір жарым мыңға жуық адам тұрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы көктем мен жаңару мерекесі қарсаңында Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұратыны туралы инфографика дайындаған.
"Қазақстанда Наурыз есімді 1 453 адам болса, оның 1 417-і ер адам, 36-ы әйел. Наурыз есімді азаматтардың көбі Маңғыстау облысында - 278 адам, Түркістан облысында - 190 адам, ал Қызылорда облысында - 160 адам тұрады", - делінген ақпаратта.
2021 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 1 қаңтар аралығында Наурыз есімді 17 сәби дүниеге келген екені.