• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанда мыңдаған телефон бұғатталуы мүмкін: министрлік тағы бір мәлімдеме жасады

Қазақстанда мыңдаған телефон бұғатталуы мүмкін: министрлік тағы бір мәлімдеме жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтарға смартфондарын тексеруге қосымша уақыт беру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 наурыздан бастап Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер тек елге 25 наурыздан кейін әкелінген құрылғыларға қатысты. Бұған дейін Қазақстанда жұмыс істеп тұрған барлық телефон автоматты түрде "ақ тізімге" енгізіледі және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастыра береді.

Жаңа шешім

Министрлік тіркелмеген, бірақ бұрын әкелінген және әлі сатылмаған құрылғыларды тіркеу үшін қосымша 60 күн беру туралы шешім қабылдады. Яғни бизнеске және азаматтарға 25 мамырға дейін барлық құрылғыны https://kz-imei.kz порталы арқылы заңдастыруға мүмкіндік берілді.

Жаңа талаптарға сәйкес елге алғаш рет әкелінетін барлық мобильді құрылғы міндетті түрде GSMA халықаралық деректер базасында, сондай-ақ, мемлекеттік салық және кедендік жүйелерде верификациядан өтуге тиіс. Бұл құрылғының өндіруші мәлімдеген сипаттамаларға сәйкестігін, елге заңды жолмен әкелінгенін және растайтын құжаттары барын, сондай-ақ, IMEI кодтың жоғалған, ұрланған немесе бұғатталған құрылғылар базасында бар-жоғын тексеруді көздейді.

Верификациядан мына тұлғалар өтуге тиіс:

  • импорттаушылар: елге әкелінетін барлық құрылғы бойынша;
  • жеке тұлғалар: құрылғы бұған дейін Қазақстанның ұялы байланыс желісінде қолданылмаған болса;
  • авторизацияланған сервис орталықтары: техникалық себептерге байланысты IMEI кодты ауыстырған жағдайда.

"Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін заңдастырылмаған құрылғылардың ұялы байланыс қызметтерін пайдалануы шектеледі. Сонымен қатар, желіге алғаш қосылғаннан кейін 30 күн ішінде тіркеуден өтпеген құрылғылар қара тізімге енгізіліп, бұғатталады", - деп ескертті министрлік өкілдері.

Азаматтар мұны қалай тексере алады?

Құрылғыны сатып алмас бұрын оның IMEI кодын https://imei.rfs.gov.kz сайтынан тексеруге болады. Бұл азаматтарға жалған немесе ұрланған телефон сатып алудан сақтануға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін 24 наурыздан бастап телефондарды тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енетіні хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget