Қазақстанда мұнай өнімдері тапшы ма? Энергетика министрі жауап берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы мұнай өнімдерінің тапшылығы туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Энергетика министрінің айтуынша, қазір елде отын тапшылығына қатысты мәселе жоқ.

"27 күннен асатын уақытқа дизель, 45 күндік бензин және авиациялық керосин бар. Ешқандай мәселе туындамайтынына сенімдіміз. Кейбір аймақтарда, жекелеген жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газ тапшылығына байланысты мәселелер туындады. Бұл егін жинау науқаны мен жаңбырға байланысты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңірлер астық пен бұршақ дақылдарын кептіру үшін дизель отыны мен сұйытылған газдың қосымша көлемін сұрады. Сондықтан қосымша іздеуге тура келді. Елімізде мұнай өнімдерінің бірде-бір түрінің тапшылығы жоқ", – деді Сәтқалиев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!