Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау электрон форматқа ауысады

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау электрон форматқа ауысады
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау электрон форматқа ауысады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Отырыс барысында жаңа үдерістер де талқыланды. Мысалы, педагогтарды аттестаттау үдерісін электрон форматқа көшіру. Педагогтарды аттестаттаудан өткізу бизнес-үдерісін реинжинирингілеу және оңтайландыру шеңберінде комиссиялардың жұмысы мен тестілеуді қоса алғанда, педагогтарды аттестаттаудың барлық үдерісін автоматтандыру жоспарланып отыр", - деп хабарлады ведомство.

Министрлік бұл қызметтерді көрсету мерзімін және құжаттар пакетін оңтайландыруға, тиісінше, падагогтарға, басшылыққа және білім беру ұйымдарына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін хабарлады.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму министрлігінің қатысуымен жақын арада техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың электрон көшірмелерін беруді тез арада бастауды жоспарлап отыр. Осыған ұқсас мәселе Ғылым және жоғары білім министрлігімен де пысықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан