Қазақстанда мобильді интернет әлдеқайда арзан - зерттеу

Қазақстанда мобильді интернет әлдеқайда арзан - зерттеу
Фото: depositphotos.com

Жыл сайын Cable.co.uk аналитикалық компаниясы әлемдегі мобильді интернеттің құны бойынша зерттеу жариялайды және осы зерттеу негізінде рейтинг жасайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 237 ел және 5,6 мыңнан аса тарифтік жоспар зерттелді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Макроөңірлер бойынша ең төмен баға Солтүстік Африкада тіркелді: орташа есеппен 1 Гб мобильді интернет 0,86 доллар тұрады. Екінші орында Азия тұр, 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны – 1,1 доллар. Үшінші және төртінші орындарды Шығыс Еуропа (1,27 доллар) мен Орталық Америка (1,5 доллар) иеленді. ТМД бесінші орынға ие болды: 1 Гб мобильді интернет құны – 1,8 доллар.

Мобильді интернет ең қымбат макроөңірлер – Солтүстік Америка (4,6 доллар), Оңтүстік Америка (3 3,74 доллар) және Океания (3,72 доллар).

ТМД мобильді интернет арзан елдер ішінен бесінші орынға ие болғанына қарамастан, Қазақстан жыл сайын мобильді интернет арзан елдер қатарына кіреді.

Қазақстанда 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны 0,41 доллар тұрады. Осылайша, Қазақстандағы мобильді интернет әлем елдерінің 85 пайызына қарағанда арзанырақ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова