- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда мейрамханада тамақтану...
Қазақстанда мейрамханада тамақтану қымбаттаған
2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының қызметтері бір айда 2,7 пайызға, ал бір жылда 23,4 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Айлық көрсеткіш Жетісу облысында айтарлықтай өзгерген: бірден 13,9 пайыз. Үштікте Шымкент қаласы - 9,9 пайыз және Алматы облысы бар - 7,3 пайыз. Жеті өңірде баға өзгермеген.
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының қызметтерінің жылдық динамикасы бойынша Жетісу облысы бірінші тұр: +44,7 пайыз. Шымкентте де жыл бойы баға біраз өзгерген (40,3 пайыз) және астанада +38,5 пайыз. Ең аз көрсеткіш Павлодар облысында +6,2 пайыз.
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының қызметтері бойынша ең көбі тез тамақтану орындарында қымбатшылық жүрген (17,1 пайыз). Мейрамхана, кафе және сол секілді ұйымдарда да қымбатшылық байқалған +20,6 пайыз. Оның ішінде, әсіресе мейрамханадағы түскі ас бағасы 19 пайызға өссе, асханадағы баға 26,6 пайызға өскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина