- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- сайттар туралы
Қазақстанда мемлекеттік сайттардың жұмысы қалпына келді
![Қазақстанда мемлекеттік сайттардың жұмысы қалпына келді](/userdata/news/news_124307/image_l.jpg)
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін сервистердің жұмысы ақаудан кейін қалпына келді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін сервистердің, соның ішінде eGov.kz порталының, eGov Mobile мобильді қосымшасының, E-license және Ашық үкімет порталдарының, мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасының, сондай-ақ Цифрлық құжаттар сервисінің жұмысы қалпына келтірілді", - деп жазылған мәліметте.
Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктер қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу процесі қалпына келтірілген.
Алайда министрлік Meta қызметтеріндегі (Facebook, Instagram, WhatsApp) мәселе әлемнің көптеген елінде тіркелгенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік сайттар ашылмай қалғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова