24 қаңтарда қазақстандықтар eGov.kz және gov.kz сайттарын аша алмай қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл сайттарға кіргенде беттер жүктелмей тұр.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі бұған қатысты ақпаратты кейінірек беретінін хабарлады.
Дәл осындай жайт 2024 жылғы наурызда болған еді. Ол кезде порталдарда аздаған жаңарту болғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!