Қазақстанда мемлекеттік сайттар ашылмай қалды

Қазақстанда мемлекеттік сайттар ашылмай қалды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

24 қаңтарда қазақстандықтар eGov.kz және gov.kz сайттарын аша алмай қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл сайттарға кіргенде беттер жүктелмей тұр.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі бұған қатысты ақпаратты кейінірек беретінін хабарлады.

  • Gov.kz - министрліктер мен әкімдіктердің мәліметтері, олардың жұмысы туралы жаңалықтар жарияланатын сайт.
  • eGov.kz - электронды үкімет сайты.

Дәл осындай жайт 2024 жылғы наурызда болған еді. Ол кезде порталдарда аздаған жаңарту болғаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget