Қазақстандықтар кейбір мемлекеттік органдардың сайттарына кіре алмай отыр. Мұның себебін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Акционерлік қоғамның хабарлауынша, 12 қаңтарда сағат 13:00-ден 13 қаңтардағы 09:00-ге дейін, сондай-ақ 13 қаңтарда 13:00-ден 14 қаңтардағы 09:00-ге дейін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының жобасы бойынша жұмыстар жүргізіледі.
"Жоғарыда айтылғандарға байланысты аталған кезеңде осы платформаның интернет-ресурстары қысқа уақытқа қолжетімді болмайтынын хабардар етеміз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!