Қазақстанда мемлекеттік қызметте ерлерден гөрі әйелдер көп

Қазақстанда мемлекеттік қызметте ерлерден гөрі әйелдер көп
Фото: tn.kz

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайызын әйелдер құрайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматыда өткен "100 нақты қадам – Ұлттық реформалар жоспары" мәслихатында мәлімдеді.

"Мемлекеттік қызметтің сапалы көрсеткіш анализі әйелдердің мансап сатысымен жоғарылауының тең жүрмейтінін көрсетті. Саяси қызметтегі әйелдердің үлесі 9 пайызға тең, "А" корпусында - 14 пайыз, ал "Б" корпусында - 55 пайыз. Осыған байланысты біздің алдымызда әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне дейін алға бастыру міндеті тұр", – деп мәлімдеді Әбдіқалықова.

Ол сонымен қатар, бес институционалдық реформа бойынша шараларды сапалы жүзеге асырудың Қазақстанды әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіргізуге жол беретінін айтты. Сондай-ақ, Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік хатшысының позициясымен келісті. Ол әйелдердің еліміздегі бизнес пен саяси саладағы маңызын атап өтті.

"Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, 30 елдің қатарына енген елдерде әйелдердің рөлі жоғары. Бүкіл әлемдегі халықтың басым бөлігі – әйелдер. Біз, тіпті, Шығыс елдерінде әйелдердің рөлі туралы мәселенің қайта байыпталғанын көріп отырмыз. Оларда қолдау бар, бизнесте, экономикада және өзге салаларда алға басып келеді. Бұл елдерде расымен де өркендеушілік бар. Олар әйелдердің қоғамның мықты бөлігі екенін түсінді", – деді Байбек.

М. Бисембаева