- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер...
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер қандай қылмыс жасап жүр?
2023 жылдың қаңтар–қазанында Қазақстанда 842 мемлекеттік қызметкер қылмыстық құқық бұзушылық жасады, бұл былтырғыдан 5 пайыз аз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде осындай 886 мемлекеттік қызметкер болған - бір жыл бұрынғымен шамалас (2021 жылдың қаңтар–қазаны қорытындысы бойынша 887 адам). Жалпы, мұндай жағдайлар азайып келеді.
Өңірлер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметкерлер Шымкентте ең көп: 102 адам - былтырғыдан 2,2 есе көп.
Одан кейін Алматы (82 адам, 1,2 пайыз көбейген) және Астана (55 адам, 61,8 пайыз көбейген) алды. Жетісу (47 адам) және Алматы (43 адам) облыстарында да көрсеткіш жоғары.
Ең жақсы жағдай Ұлытау облысында.
Мемлекеттік қызметкерлер жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп үлесін пара алу: жалпы санның 22,6 пайызы. Пара алған мемлекеттік қызметкерлердің саны бір жылда 4,4 пайыз өсіп, 190 адамға жеткен.
Мемлекеттік қызметкерлер алаяқтықпен де жиі ұсталды: 167 адам - былтырғыдан 20,1 пайыз көп. Мемлекеттік қызметкерлер жиі бұзған үш баптың қатарында сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу да болды, ол бойынша 107 адам ұсталды.
Жоғарыда аталған баптардан басқа, жиі жасалатын қылмыстар мыналар:
- азаптау;
- лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;
- әскери қызметкерлер арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде олардың өзара қарым-қатынасының жарғылық ережелерін бұзу;
- көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы;
- пара беру;
- салғырттық;
- жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина