Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады

Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады. Бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президент мемлекеттік кеңесшінің мәртебесі мен өкілеттігі туралы жарлыққа 2022 жылы маусымда қол қойды.

Осылайша 2022 жылы Ерлан Қарин мемлекеттік кеңесші болып тағайындалды.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, 2025 жылы Бурабайда өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget