Қазақстанда мектептердің жартысына жуығының күзет қызметі талапқа сай емес

Қазақстанда мектептердің жартысына жуығының күзет қызметі талапқа сай емес
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқарма бастығының орынбасары Серік Құспанов Қазақстанда қанша мектепте күзет жоғын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Қазақстан Республикасындағы күзет қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері" тақырыбында өткен брифингте айтты. Ведомство өкілінің айтуынша, биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3404 мектеп пен 1371 балабақша тиіс лицензиясы бар жекеменшік күзет ұйымдарының қорғауында.

"Ұсынылған мәліметтерге сүйенсек, қазір 3298 мектеп пен 4214 балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ. Біз қалған білім беру мекемелерінің (жоғары оқу орындары мен колледждер) статистикасын жүргізбейміз", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек