Қазақстанда мектеп оқушыларында ЖИ-көмекші пайда болады

Қазақстанда мектеп оқушыларында ЖИ-көмекші пайда болады
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда биыл білім беру саласына жасанды интеллектіні (ЖИ) белсендірек енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжановтың айтуынша, министрлік ұлттық цифрлық профильдер жүйесін және Ұлттық білім беру платформасын құруға кіріскен.

"Осы мақсатта барлық LMS жүйеcі (яғни электрон күнделіктер мен журналдар) үшін деректердің бірыңғай қоймасына айналатын Ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылады. Бұл барлық деректі QazTech мемлекеттік бұлттық платформасында шоғырландыруға мүмкіндік береді", - деп вице-министрдің сөзін Үкіметтің баспасөз қызметі келтіреді.

Оның айтуынша, бұл педагогтердің күнделікті жүктемені азайтады, өйткені ЖИ-агенттер, мысалы, педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмектесе алады.

"2026/2027 оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептер үшін өңірлерде пилот Qazaq Digital Mektebi жобасы іске қосылады, онда ЖИ-репетиторлар да қолданылатын болады. 2026 жыл ішінде 200 мыңнан аса педагог практикалық ЖИ-дағдыларын меңгереді", - деп қосты Асылбек Ахметжанов.

Сондай-ақ, оқушылар арасында ЖИ-сауаттылықты арттыруға ерекше назар аударылатыны айтылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget