Қазақстанда медицина саласындағы қылмыс көбейген

Қазақстанда медицина саласындағы қылмыс көбейген
Фото: Tengrinews.kz

Қаңтар-қазан аралығында елде 212 медициналық қылмыс тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,4 пайызға көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай қылмыстық істерде 245 адам жәбірленуші болған. Оның ішінде 31 кәмелетке толмаған бала және 15 зейнеткер бар. 168-і әйел. 

Жас бойынша кәмелетке толғандар арасында медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрбандары 18-20 жастағы 3 адам, 21-29 жастағы 44 адам, 30-39 жастағы 68 адам, 40-49 жастағы 43 адам, 50-59 жастағы 18 адам және 60 жастан асқан 38 адам болды.

Өңір бойынша медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың көбі Астана мен Алматыда тіркелді: әрқайсысында 20 жағдай - өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға артық.

Одан кейін Алматы (19 жағдай), Ақтөбе (18 жағдай), Түркістан (17 жағдай) және Қостанай (15 жағдай) облыстары.

Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау (1 жағдай), Маңғыстау (2 жағдай) және Солтүстік Қазақстан (4 жағдай) облыстарында тіркелді.

Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 95,8 пайызы медициналық немесе фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты болды. Жыл басынан бері осындай 203 құқық бұзушылық тіркелді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайыз артық.


Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина