Қазақстанда 2025 жылы медианалық жалақы мөлшері 317 512 теңге болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былтыр медианалық жалақы мөлшері 285 677 теңге болған. Осылайша бір жыл ішінде 11,1%-ға өскен.
"Орта білімді жұмысшылардың ай сайынғы орташа жалақысы - 289 673 теңге, жоғары білімді азаматтардың орташа жалақысы - 497 563 теңге, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі қызметкерлердің жалақысы - 672 493 теңге", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова