Денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі инфекциялық аурулар, соның ішінде маймыл шешегіне тұрақты мониторинг жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, әлемнің кейбір елдерінде ауру тіркелуіне және халықаралық көлік қатынасы белсенді болуына байланысты инфекцияның Қазақстан аумағындағы ықтималдығы жоққа шығарылып отырған жоқ.
Десе де, ведомство дерегінше, қоздырғыштың берілу ерекшелігін ескергенде, халық арасында маймыл шешегі кең таралу қаупі төмен деп бағаланып отыр.
Инфекцияның алдын алу мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіліп жатыр:
"Эпидемиологиялық жағдайға қатысты ерекше назар аударуды қажет ететін елдер тізімі әлемдегі ахуал өзгеруіне қарай тұрақты түрде жаңартылып отырады. Санитария-карантин бақылауының нәтижелері бойынша аса қауіпті инфекциялармен ауырған немесе күдік тудыратын адамдар анықталмады", - деп жазылған хабарламада.
Маймыл шешегі - MPXV вирусы қоздыратын ауру. Инфекция негізінен ауру жұқтырған адаммен тығыз байланыс кезінде, соның ішінде терідегі бөртпеге және биологиялық сұйықтықтарға жанасу арқылы беріледі. Сондай-ақ, лас киім, төсек-орын жабдықтары мен басқа да заттар арқылы, инфекция жұқтырған жануарлармен байланыста болған кезде де жұғуы мүмкін.
Аурудың негізгі белгілеріне қызу көтерілуі, бас ауруы, бұлшықет ауруы, лимфа түйіндері ұлғаюы және тері бөртпелері жатады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз