Қазақстанда машина жасау саласында 120 мың адам жұмыс істейді

Бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның машина жасау саласының дамуы мен жетістіктері қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдегендей, елдің өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан өндіруші өнеркәсіппен теңесе отырып, қарқынды өсуін жалғастырып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ретте жетекші орындардың бірін машина жасау саласы алады - 20%. Оған 4 мыңға жуық компания жұмылдырылған, 120 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

"Машина жасауды дамытудың негізгі артықшылықтарының бірі - оның күшті мультипликативті әсері. Халықаралық тәжірибеге сәйкес салада бір жұмыс орнын құру аралас салаларда шамамен жеті-сегіз жұмыс орнының пайда болуын ынталандырады. 2024 жылдың 9 айында салаға шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім 2 есе. Өндіріс көлемі 3 трлн теңгеден асты. Нақты көлем индексі - 104,2%", - деді Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.


Сондай-ақ машина жасау құрылымында ең үлкен үлесті автомобиль жасау, теміржол және электротехникалық машина жасау алады. Машина жасау саласы елдің жалпы өнеркәсібінің 20%-ын құрап, отандық экономиканың жетекші секторларының біріне айналды. Саланың негізгі артықшылықтарының бірі - оның мультипликативті әсерінде. Шарлапаевтың айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес машина жасау саласында бір жұмыс орнының құрылуы аралас салаларда жеті-сегіз жаңа жұмыс орнының ашылуына себепкер болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!