- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда Қытайда болған...
Қазақстанда Қытайда болған тағы бір афтершок тіркелді
Қазақстандағы сейсмикалық датчиктер Қытайдағы тағы бір афтершокты тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына сілтеме жасап.
"Сейсмикалық станциялар желісі 11 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 10:57-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан – афтершок", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,1. Магнитудасы MPV - 5.2. Тереңдігі - 5 шақырым. Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Алматы уақыты бойынша сағат 09:03-те тағы бір жерасты дүмпуі тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 265 шақырым жерде, Қытай аумағында болды.
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 06:37-де қазақстандық сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. Ол Алматыдан 849 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан