Қазақстанда Қытай автокөліктерін өндіретін алты зауыт ашылады

Биылғы жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Елде CHANGAN, HAVAL, CHERY маркалы автокөліктерді шығаратын зауыт құрылысы аяқталуға жақын. Бұл зауыт толықтай ұсақ торапты құрастыруға негізделген, жылдық қуаты – 90 мың көлік. Сондай-ақ, қазір KIA автокөліктерін өндіретін зауыт салынуда. Инвестиция көлемі 200 млн долларды құрайды. Geely, Exeed және KAIYI жеңіл автокөліктерін шығару бойынша 150 млн долларлық жоба іске қосылды", - деп атап өтті министр. 

Трактор мен комбайн өндірісі

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда соңғы 5 жылда өндіріс көлемі заттай түрде 4 есеге өсті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылды. 

"Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер отандық өндірістің, оның ішінде CLAAS, Horsch, Deutz Fahr әлемдік брендтерінің заманауи техникасымен қамтамасыз етілген. Биыл жаңа ірі инвесторлар - Amazone және Zoomlion келді. Ірі габаритті бөлшектер өндірісі іске қосылды: трактор кабиналары мен комбайн бункерлері. Өндірушілер мен сабақтас өндірістер арасында кооперация жолға қойылған", - деп атап өтті министр.

Айта кетейік, Қостанай қаласында Локализация орталығы құрылды, онда компоненттік базаны өндіру бойынша цехтар ұйымдастырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!