Қазақстанда қыста мопед айдауға бола ма?

Қазақстанда қыста мопед айдауға бола ма?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазақстанда, әсіресе Алматыда, мопедтер жеткізу қызметтерінің арасында үлкен танымалдылыққа ие. Жыл бойы көшелерде тапсырыстарды жылдам жеткізіп жүрген жүздеген курьерлерді көруге болады. Алайда аязда мопедті пайдалану қаншалықты қауіпсіз және орынды? Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімшілік полиция комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда қыс мезгілінде мопедтерді пайдалануға ресми тыйым салынбаған. Сондықтан теория жүзінде, бұл көлікті жыл бойы қолдануға болады.

Дегенмен қыста арнайы ережелер бар. Қазақстан нарығында мопедтерге арналған арнайы қысқы шиналар жоқ. Бұған мопедтердің негізінен ауа райы жылы елдерде кеңінен танымал болуы себеп.

Мопед жүргізушілері, әсіресе курьерлер, табыс табу үшін тәуекелге барып жатады. Мұз немесе қар басқан жолдар мұндай көлік үшін қауіпті болуы мүмкін.

Сондықтан қыста мопедті тек батыл немесе оған мәжбүр болған адамдар айдап жатады. Көліктің бұл түрін таңдаған адамдар оның салдарын түсіне білуі қажет. Алайда қыста мопедпен жүріп, өзімен қоса, өзгелерге де қауіп төндіретінін ұмытпаған жөн.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина