ІІМ қазақстандық қылмыскерлер қандай елдерден табылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы арқылы еліміздің құқық қорғау және уәкілетті органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген 110-нан аса қылмыскер мен жоғалып кеткен азаматтар шетелде табылды.
2024 жылы Интерполдың байланыс арналарының географиясы кеңейтілді. Іздеуде жүргендер Ресей, Түркия, БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, АҚШ, Грузия, Армения, Әзербайжан, Испания, Ұлыбритания, Чехия, Швеция, Украина, Германия, Колумбия, Израиль, Бельгия, Греция, Италия, Доминикан Республикасы, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде анықталып, құрықталды.
Қылмыскерлер көбіне алаяқтық, бөтен мүлікті талан-таражға салу және ысырап ету, есірткімен байланысты қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, қарақшылық, экономикалық контрабанда, заңсыз ойын бизнесі мен салық төлеуден жалтару сияқты экономикалық қылмыстар және ұрлық үшін іздеуде болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!