Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау басталды

Қазақстанда сағат 07:00-де Құрылтай депутаттарын сайлау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ақпаратты комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман жариялады.

"Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 20 өңірде 10 363 учаске дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ, шет мемлекеттердегі 16 елде 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Осылайша, Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы басталды", – деді Ерман.

Елдегі 107 учаске таңғы сағат 06:00-де ашылды. Бұл негізінен әскери бөлімдердегі учаскелер. Ең бірінші болып шетелдегі учаскелер – Сеул мен Токиода ашылды.

Жалпы сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілген.

Еске салайық, бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының барлығы сайлауға қатысуға құқылы.

23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.

Сайлауға 7 партия қатысып жатыр. Құрамы мынадай:

  • "Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;
  • "Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;
  • "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;
  • Respublica партиясы - 75 кандидат.

1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.

Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!