Қазақстанда "Құртафелло" бренді пайда болды

Қазақстанда "Құртафелло" бренді пайда болды
Фото: tn.kz

Қазақстанда Құртафелло тауар белгісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның авторы Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері Айнаш Убайдуллаева.

"Қымызбен айналыстым, клиенттерті тарту үшін Интернетте бір қызық іздедім, себебі, Шымкентте бәсеке көп, қымыз көп, жаңа бірдеңе ойлап тапқым келді. "Құртафаелло" деген атауды көрдім, маған бұл идея бірден ұнап қалды. "Құртафелло" деп сәл өзгерткім келді. Біздің құрт дәмді, оны ауылдан жеткіземіз", - деді кәсіпкер. Бір қап құрт 250 теңге тұрады.

Ол графикалық дизайнмен айналысады, сондықтан, жаңа өнімнің логотипін жасау қиын болмады. Айнаш Убайдуллаеваның айтуынша, Raffaello брендінің өкілдерінен шағым болмайды. Авторлық құқық жөнінде ол Астанадағы мамандармен кеңесіпті, кейін ол "Құртафелло" тауар белгісін тіркеді.

М. Бисембаева