Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін аймақтар саны көбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жалпы 2024 жылдың шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтілуде, алайда атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаюда.
Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногроск қаласында күтіледі.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады деп күтіліп отыр.
Бұған дейін, 20 маусымда алдағы 10 күнде тек 5 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.
"Жамбыл облысында Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында, Түркістан облысында Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай аудандарында, Қызылорда облысында Арал ауданында, Алматы облысында Балқаш және Жамбыл аудандарында және Ұлытау облысында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылық басталуы мүмкін", - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!