Қазақстанда күн суытады

Қазақстанда күн суытады
Фото: Midjourney

Синоптиктер 7, 8, 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең циклон әсер етеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады. Ал солтүстіктің жартысында боран соғып, қар жауады.

Елдің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел соғады және тұман түседі.

7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қатты қар жауады, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с және екпіні одан да күшті жел соғады.

"Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін төмендейді, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз - 3 градус жылы, таулы аудандарда 6-11 аяз болады", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова