Қазақстанда күн қайта жылынады

Синоптиктер 31 қазан, 1,2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ пен тұман күтіледі.

1 қарашада республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтіліп отыр.

"Күндіз ауа температурасы жоғарылайды: батыста +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!