Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілер құмар ойын мәселелері бойынша заңды бұзғаны үшін қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Вице-министр шенеуніктер мен азаматтардың басқа санаттары үшін құмар ойындарға тыйым салу туралы норма, Сенат 27 маусымда мақұлдаған заңға енгізілгенін растады.
Тәртіп бұзушылар қалай жазаланады деген сұраққа ол былай жауап берді: жеңіл санкция болмайды.
"Егер мемлекеттік қызметші немесе әскери қызметші құмар ойынға қатысса немесе букмекерлік кеңсеге бәс тіксе, онда бұл жағдайда ол теріс себептермен атқаратын лауазымынан босатылады. Айыппұл санкциялары қарастырылмаған, мемлекеттік қызметшіге қатысты мұндай санкция жоқ", - деді Мирас Төлебаев.
Еске салайық, құмар ойындар, лотерея және лотерея қызметі туралы заңда азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға тыйым салу енгізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!