• 495.59
  • 490.7
  • 5.74

Қазақстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері өтірік детекторынан өтетін болады

Қазақстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері өтірік детекторынан өтетін болады
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның Бас прокуратурасы Құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерьлік қызметте полиграфологиялық зерттеу ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

НҚА сайтында жарияланған қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметінің қызметкерлері жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсынылған кезде (аттестаттау немесе жоспардан тыс аттестаттау немесе жоғары тұрған басшы лауазымға конкурс шеңберінде) полиграфологиялық зерттеуден өтеді.

Полиграф мына нәрселерді анықтау үшін жүргізіледі:

  • құқық қорғау органдарында қызметте болудағы жасырын теріс себептерін (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер қызметінің, қылмыстық және террористік ұйымдар мүдделеріне және басқалары);
  • жағымсыз тәуелділігін, есірткі, психотроптық, психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын өзге де психоактивті заттарды тұтынуын;
  • құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметінде қызметін толыққанды өткеруге кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өзіне-өзі қол жұмсауға бейімдігін;
  • табысы туралы, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері, қос азаматтығының бар екендігі туралы мәліметтерді жасыруын немесе бұрмалауын;
  • сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауының, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беруінің фактілерін;
  • қылмыстық, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылу фактілерін;
  • егер бұл бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген болса, тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен қатынас жасауын немесе коммерциялық құрылымдарға қатысуын;
  • қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактілерін анықтау.

Полиграфологиялық зерттеу қорытындысының қолданылу мерзімі

Құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына қызметке, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтарға бір жылда бір рет, ал жоғары тұрған басшы лауазымдарға (аттестаттау немесе жоспардан тыс аттестаттау немесе жоғары тұрған басшы лауазымға конкурс шеңберінде) өсіру кезінде өткізілетін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметінің қызметкерлері үшін үш жылда бір рет тексерістен өтіп тұру ұсынылды.

"Зерттеу барысында алынған ақпарат ықтималдық, ұсынымдық сипатта болады, сондай-ақ қосалқы мәнге ие және оларды кадр бөлімшелерінің қызметкерлері, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары, аттестаттау және конкурстық комиссиялар, өзіндік қауіпсіздік қызметтері (бұдан әрі - мүдделі бөлімшелер) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдау,   аттестаттаудан, конкурстан өту және қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешкен кезде пайдаланады", - делінген қаулыда.

Құжат 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске салайық, полиграфологиялық зерттеу - адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы датчиктердiң көмегiмен тiркеуден тұратын сауалнама жүргiзу рәсiмi.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова