Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендердің жеке санаттарына өтемақы төленеді. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында мәлімдеді, - деп хабарлады primeminister.kz сайты.
«Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасы қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге қаржылық өтемақы төлеудің құқықтық негіздерін анықтайды. Санаттар Қылмыстық кодекстің 62 бабы бойынша анықталады. Заң жобасы қаржы өтемақысының мөлшерін анықтайды, бірінші кезеңде ол құқық қорғау органдары сәйкес шараларды жүргізгенше жәбірленушілерге минималды қолдау көрсету болып табылады. Берілген өтемақы прокуратура органдарының қатысуымен кінәлі адамнан алынады», - деді Б.Сұлтанов.
Содан кейін кінәлі адамнан жәбір көрушіге бағытталған қаражатты алу сот арқылы шешілетіні атап өтілді, яғни әрекеттегі тәртіп өзгермейді.
«Төлем құралы Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры болып табылады. Оны құру әрекеттегі Қылмыстық-процессуалдық кодекспен қаралады. Қордың жұмыс істеу тетігі Қазынашылықтағы бақылау шоты арқылы жүзеге асырылады. Бұл ең тиімді кесте болып табылады. Қордың заңды тұлғасы болмайды, басқару органдары мен әкімшілік шығындар да болмайды. Төлемдерді бақылау Қазынашылықта пысықталған іс-тәжірибе бойынша жүзеге асады», - деді министр.
Заң жобасына сәйкес қордың төрт қаржыландыру көзі бар: сот айып салған бекітілген төлемдер; процессуалдық міндеттерді орындамағаны үшін ақшалай төлемдер; түзеу жұмыстары бойынша түсімдер; кінәлі тұлғадан өтемақыны кері қайтарып алу.
Министрдің айтуынша, жәбірленушілердің үш санаты анықталды.
«Бұл зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен қинау құрбандары - 8 бап бойынша. Екінші санат – денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе ЖҚТҚ/АҚТҚ вирусын жұқтырғандарға 19 бап бойынша. Үшінші санат – жәбірленуші оқиға кезінде қайтыс болса 35 бап бойынша жазаланады», - деді министр.
Оған қоса, заң жобасы жәбірленушілерге өтемақы мөлшерлерін қарастырады.
«8 бап бойынша жәбірленушілерге арналған өтемақы мөлшері 30 АЕК мөлшерінде қарастырылуда, бүгінгі есеп бойынша – бұл 63 мың теңгеден астам, екінші санат бойынша жәбірленушілерге 40 АЕК – бұл 84 мың теңгеден астам. 35 бап бойынша жәбірленуші қайтыс болған жағдайда – 50 АЕК, немесе 106 мың теңгеден астам. Мөлшер жәбірленушілер бойынша құқықтық статистика мәліметтері негізінде анықталған. Заң жобасы қордан төлемді төлеу тәртібін анықтайды», – деп түсіндірді Б. Сұлтанов.
Ведомство басшысы түсіндіргендей, құқық қорғау органдары құқықтарды түсіндіріп, жәбірленушінің жазған өтінішін қарайды, өтемақы белгілейді және Қазынашылыққа Төлем алушылар тізіліміне жібереді. Жәбірленушілерге өтемақы төлеуді Қазынашылық төлем алушылардың банктегі есепшоты арқылы жүзеге асырады.
Сондай-ақ, тұрақты жұмыс жасауы үшін арнайы ережелер қарастырылған.
«Бұл заң жобасының жеке баптары бойынша орындалу мерзімдері. Ол қордағы ақшаны екі жыл бойы жинауға мүмкіндік береді, кейін алғашқы төлемдерді төлеу басталады», - деді министр.
Парламент Мәжілісінің депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.