- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда кісі өлтірген...
Қазақстанда кісі өлтірген 146 адам іздеуде жүр - Бас прокуратура
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Бас прокуратура қызметкерлері іздестіру статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, қазір 10 748 адам іздестіріліп жатыр, олардың 2 176 із-түссіз жоғалғандар.
Жоғалған адамдың көбі:
- Алматы - 287;
- Қарағанды -221;
- Павлодар -170;
- Алматы облысы - 167 тіркелген.
Прокуратура дерегінше, көбіне 30-49 жас аралығындағы ер адамдар түрлі жағдайда жоғалады. Мысалы:
- Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам,
- автокөлікпен жоғалған - 74,
- жұмыстан кеткен - 36.
Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр.
Іздеуде жүргендер - негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар.
Олардың ең көбі - алаяқтық (510 адам), ұрлық (318 адам) және кісі өлтіру (146 адам) дерегі бойынша:
- Алматыда 514 адам;
- Астанада 185 адам;
- Шымкентте 155 адам;
- Алматы облысында 143 адам;
- Қарағанды облысында 140 адам іздестіріліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек