Қазақстанда кірме жолдарды мемлекетке қайтару жұмыстары аяқталды

Қазақстанда кірме жолдарды мемлекетке қайтару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, теміржол арқылы тасымалданатын экспорттық шикізат жүктерінің көлемі 7 пайызға артқан, шамамен 10 миллион тоннаға жетті.

Көлік министрлігі кезең–кезеңімен 140 жаңа жолаушылар вагонын жеткізбек және "Достық – Мойынты", "Дарбаза – Мақтаарал",сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырады.

Теміржол желісіндегі ауқымды жөндеу жұмыстары 1,4 мың шақырымды қамтиды. 

Сондай-ақ кірме жолдарды мемлекеттік меншікке беру рәсімі аяқталып, оларды жаңғырту жоспары әзірленді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!