Бүгін Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы криптонарықты реформалау жоспарын таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің баяндамасы бойынша Қазақстанда "майнерлерді қолдау" ғана емес, бүкіл индустрияны қайта іске қосу көзделіп отыр: яғни криптовалюталарды заңдастырудан бастап CryptoCity салуға дейін.
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, ережелерді түбегейлі өзгертетін түзетулер пакеті дайындалған:
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мұндай қадамдар Қазақстанды криптоэкономиканың өңірлік орталығына айналдырып, миллиардтаған инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік цифрлық активтер қорын құру туралы мәлімдеген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!