Қазақстанда криптовалюта заңдастырылады: министрлік қандай ұсыныс жасады?

Қазақстанда криптовалюта заңдастырылады: министрлік қандай ұсыныс жасады?
Фото: depositphotos.com

Бүгін Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы криптонарықты реформалау жоспарын таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің баяндамасы бойынша Қазақстанда "майнерлерді қолдау" ғана емес, бүкіл индустрияны қайта іске қосу көзделіп отыр: яғни криптовалюталарды заңдастырудан бастап CryptoCity салуға дейін.

Заңдарда не өзгереді?

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, ережелерді түбегейлі өзгертетін түзетулер пакеті дайындалған:

  • елде криптовалютаны шығару мен айналымды заңдастыру;
  • Қазақстан аумағында криптобиржаларды лицензиялау;
  • "70/30" бағдарламасы - индустрия есебінен электр станцияларын жаңғырту.

Қандай жобалар іске қосылады?

  • CryptoCity - болашақтың цифрлық қаласы;
  • Мемлекеттік майнинг;
  • Ұлттық криптоқор;
  • Теңгеге байланған стейблкоин;
  • Жылжымайтын мүлік пен шикізаттан бастап нақты активтерді токенизациялау.

Бұл не үшін қажет?

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мұндай қадамдар Қазақстанды криптоэкономиканың өңірлік орталығына айналдырып, миллиардтаған инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік цифрлық активтер қорын құру туралы мәлімдеген болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget