Қазақстанда крипто айырбастау пункттерінің қылмысы әшкере болды

Қостанай облысында крипто айырбастау пункттері арқылы активтерге қатысты қылмыстық схема анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті KZobmen.com, 1WM.KZ, Kazobmen.ru, WM007.KZ, KZ-EXCHANGE.COM крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс тапқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

"Жүргізілген ЖІШ нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банк және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды. Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 мың доллардан аса криптоактив табылды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр, өзге де ақпарат жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!