Қазақстанда қос азаматтығы бар 200-ден аса адам анықталды - ҰҚК

Қазақстанда қос азаматтығы бар 200-ден аса адам анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі өкілдері мемлекетіміздің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

2023 жыл басынан шетелдіктер (Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) мен ҚР азаматтарының жасанды және өзге адамның құжаттарын пайдалануының 150 дерегі әшкереленді. Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды.

Жалпы сомасы 2,5 миллиард болатын 300-ден аса заңсыз валюта айналымы анықталып, жолы кесілді.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды.

Бұдан басқа, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты, ҰҚК Шекара қызметі өкілдері шекарадан өту мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау қажетін хабарлайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!