Қазақстанда қос азаматтығы бар 181 тұлға анықталды

Қазақстанда қос азаматтығы бар 181 тұлға анықталды
Фото: Tengrinews.kz

Бірінші жартыжылдықта Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1483 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде сот шешімі бойынша 484 шетелдік азамат елден шығарылды. Қос азаматтығы бар 181 тұлға анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәселен, Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚК-нің шекара қызметімен бірлесіп, Түркістан – Стамбұл бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған ерлі-зайыптылар анықталды. Олар 54 және 45 жастағы АҚШ азаматтары болып шықты.

Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады.

Сот шешімі бойынша шетел азаматтары 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан