- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда коронавирустан тағы...
Қазақстанда коронавирустан тағы өлім тіркелді
Фото:
Tengrinews.kz
Кейінгі тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталып, бір өлім тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Деснаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 305 пациент стационарда, 2 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 14 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Еске салайық, 4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 87 адамнан COVID-19 анықталып, бір адам қайтыс болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина