Кейінгі тәулікте 263 адамнан коронавирус анықталды. Бір адам қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирус инфекциясынан (-2578 + және 151 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Еске салайық, ресми статистика бойынша, коронавирус пандемиясынан бері COVID-19-дан 13 693 адам қайтыс болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина