Қостанай облысында коронавирус жұқтырған бір азамат көз жұмды.
- Қайтыс болған 1945 жылы туған азамат, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл – Қазақстанда коронавирустан көз жұмған 15-ші адам.
Таңғы деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1261 адамға жетті. Ал әлемде 2 миллионнан асып кетті. Олардың 125 мыңнан астамы көз жұмды.