Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Кейінгі тәулікте 53 адамнан коронавирус анықталып, тағы бір адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 051 адам коронавирус инфекциясынан (–1 899+ және 152 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 193 пациент стационарда, 1 858 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 10 адамның жағдайы ауыр,

• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!