Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды зерттеу орталығы құрылды

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды зерттеу орталығы құрылды
Фото: envao.elements.com

ҚР денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде Денсаулық сақтау басқармалары жанынан коронавирус жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия науқас өлімінің тікелей себептерін анықтау үшін медициналық құжаттамаға талдау жүргізеді. Арқалықта үйінде қайтыс болған 84 жастағы науқасқа қатысты талдау жұмыстары 27 сәуір күні жүргізіледі. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша науқас өлімінің тікелей себебі анықталады. Бүгінде науқас туралы медициналық құжаттар Арқалық қалалық емханасынан және облыстық жедел жәрдем қызметінен сұратылған - делінген Қостанай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Талдау нәтижелері кейінірек қосымша жарияланады.

Massaget