Қайтыс болған адам 1964 жылы дүниеге келген. Алматыда коронавирустан осымен алтыншы адам қайтыс болып отыр.
Қазақстан бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті: Алматыда алты адам, Ақмола облысында төрт адам, Шымкентте үш адам, Нұр-Сұлтанда екі адам, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарында бір-бір пациенттен көз жұмды.
Қазір Қазақстанда коронавирусты барлығы 2 191 адам жұқтырған. Аурудан 515 адам жазылды.
Ең көп жұқтырғандар Алматыда – 735. 88 науқас инфекциядан айықты. Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жартысынан көбі – медицина қызметкері.