Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті
Фото: envato.elements.com

Алматыда коронавирус инфекциясынан бір науқас қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Қайтыс болған адам 1964 жылы дүниеге келген. Алматыда коронавирустан осымен алтыншы адам қайтыс болып отыр.

Қазақстан бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті: Алматыда алты адам, Ақмола облысында төрт адам, Шымкентте үш адам, Нұр-Сұлтанда екі адам, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарында бір-бір пациенттен көз жұмды.

Қазір Қазақстанда коронавирусты барлығы 2 191 адам жұқтырған. Аурудан 515 адам жазылды.

Ең көп жұқтырғандар Алматыда – 735. 88 науқас инфекциядан айықты. Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жартысынан көбі – медицина қызметкері.

 
Massaget