Қазақстанда коронавирустан бір әйел көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан бір әйел көз жұмды
Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың бірі көз жұмды. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Құрметті отандастар, бұл шұғыл брифинг. Өкінішке қарай, Қазақстан азаматы коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қаза, барлығымыз ауыр қайғыдамыз. Ертең Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық мәліметтерді қосып, толық мәлімет береді. Бұл жағдай коронавирустың қаупін тағы да ескертіп отыр. Қазір болып жатқанның бәрі барлығымызға сын. Қаза болған жанның отбасы мен достарына көңіл айтамыз, - деді министр Хабар 24 арнасындағы шұғыл брифинг кезінде.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 111-ге жетті. Оның ішінде екеуі айығып шықты.

Н. Үсенова