Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Кейінгі тәулікте 114 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

9 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 595 адам коронавирус инфекциясынан (–1 435+ және 160 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 476 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, 8 ақпандағы жағдай бойынша, 78 адамнан COVID-19 анықталған болатын. 

 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 5 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина