Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр

Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының - 93, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелген.

11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус КВИ+) - 1 508, пневмония (КВИ-) - 162 адам емделіп, оның ішінде 137 науқас стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 4 науқастың жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!