Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Кейінгі тәулікте 231 адамнан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 175 адамнан коронавирус анықталған болатын. 

Ал 28 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 621 адам коронавирус инфекциясынан (–2 480+ және 141 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 282 пациент стационарда, 2 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!